Қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Екатеринбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет те жартылай финалға шықты.

Тұрсынбай алға ұмтылған қарсыласын тосып алып, жұдырығын жиірек жұмсап, аяқпен де жылдам қимылдай білді.
Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Т.Құлахметке берді.
Тұрсынбай Құлахмет бұған дейін чехиялық Милош Бартлды және америкалық Хавьер Мартинесті жеңген болатын.
Бұл салмақтағы 2017 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл жарақаттанып қалғандықтан, биылғы Азия чемпионатына Т.Құлахмет барып, чемпион атанған.