ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 11 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дзюдодан 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшылар қатысты.
Аталмыш дүбірлі бәсеке Қызылорда облысының намысын қорғаған спортшыларға сәтті өтіп, 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Алматы облысы, үшінші орында – Жамбыл облысы.
Жарыс нәтижесінде 60 келіде Дамир Әбдеков (Қармақшы ауданы), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт-интернат) мен 66 келіде Жанқожа Марат (№1ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды.
44 келі салмақта Адия Сайын (№1ОМБЖОРМ), 55 келі салмақта Ақылбек Ердан (Жалағаш ауданы), 70 келіде Жанерке Қуанышова (Сырдария ауданы, Шаған ауылы) екінші орынды иеленді.
№1 облыстық мамандандыылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары 40 келіде Бибіхан Нәбиева, 44 келіде Мәлика Алпысбай, +70 келіде Аида Файзолла, 48 келіде сынға түскен қармақшылық Диана Тілеумұратова мен 81 келіде Жаңақорған ауданының намысын қорғаған Бекарыс Әбушахман қола жүлдеге қол жеткізді.
- Шәкірттерім үшін негізгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындар күтіп тұр. Спортшылар биылғы жылы өтетін Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына жолдама алу үшін алдағы Түркияның Анталия, Ресейдің Тверь және Германияның Бремен қалаларында болатын 3 Еуропа Кубоктарына қатысады, - деді дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов.