Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстандық Илья Ильин де Олимпиадаға қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ өзі көрсеткішке көңілі толмайтынын айтады. «Алдағы бір жылда тынбай жаттығып, жүлдегер атануға қажетті деңгейге жету керек», - дейді.
«Токио Олимпиадасына жүлде үшін ғана барамын. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келеді. Тәжірибем жеткілікті. Физикалық бабым да жақсы. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін», - дейді Илья Ильин, әлем чемпионы.