Қармақшылық спортшы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ташкентте таэквондодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Оған 65 мемлекеттен түрлі салмақ дәрежесі бойынша 500-ге жуық жас татами шебері қатысқан. Әлемдік жарыста Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Айша Әділбекқызы ел намысын қорғады.
Сыр спортының мерейін тасытып келген Қармақшы аудандық №15 маман-дандырылған жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушылары Аман Жакудаев пен Нұржан Тоғановтың шәкірті Айша жарыс барысында Ресей, Молдавия және Белгия балуанын жығып, ақтық белдесуде ирандық палуан қызға есе жіберіп, Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін мойнына тақты.