ПАЛУАНДАР КҮШ СЫНАСТЫ
Жақында Тараз қаласында еркін күрестен 1995-1997 жылдары туылған жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз жүлделі оралды. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан таңдаулы палуандар бақ сынады.
Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде спорт шеберіне үміткер жаңақорғандық Жандос Кәрібай 50 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді. ҚР спорт шеберлері 55 келіде өнер көрсеткен Айтуған Жанжігітов қола жүлдеге қол жеткізсе, 67 келіде Әзиза Тұрмағанбет (екеуі де Қызылорда қаласынан) екінші орынды иеленді.
Спортшылар енді 6-8 наурыз аралығында Якутияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Одан кейін шілде айында Азия чемпионаты, тамыз айында Әлем чемпионаты күтіп тұр. Алдағы байрақты бәсекеде облыс намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз.