Қызылордалық құтқарушылар кроссфит мықтыларын анықтады (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Өрт сөндіру қызметінің ұйымдастыруымен кроссфит спорт түрінен қала көлеміндегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сынға түсті.
Жарысқа Департаменттің және Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінен, Жедел-құтқару жасағынан құралған 8 команда қатысты. Сайыс шарттарына сәйкес өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімімен қатысуы кроссфиттегі ауыр қимыл қозғалыстарына айтарлықтай қиындық келтірді.
Байқау барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша 18-35 жас аралығында сынға түскендер арасынан 1 орынды Қызылорда қаласы №7 ӨСБ өрт сөндірушісі Б.Майлыбаев, 2 орынды Қызылорда қаласы №6 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Жалғасов, 3 орынды Қызылорда қаласы №1 МӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Қ.Өмірзақов иемденді.
35 жастан жоғары мамандар арасында 1 орынды Қызылорда қаласы №4 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Р.Ердәулетұлы жеңіп алды.
Ал, 2 және 3 орындарға Қызылорда қаласы №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Қ.Құлахметов пен Жедел-құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас-құтқарушысы Б.Әлжанов тұрақтады.
Жалпы командалық есепте 1 орынды Қызылорда қаласы №7 ӨСБ еншіледі. 2 орын Қызылорда қаласы №4 ӨСБ бұйырса, 3 орынды Жедел-құтқару жасағы иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған командалар Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында марапатталады.