Қызылордалық жас футболшылар жүлдегер атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында футболдан 2009 жылы туған жеткіншектер арасында Рәділда Хасеновты еске алуға арналған республикалық турнирде "Қайсар" өрендері сәтті ойнап, күміс жүлдеге ие болды.
Айдос Бәйтенов пен Әсет Меңліқожадан тәлім алатын балғын футболшылар ақтық сынға дейін барлық команданы жеңіп, финалда "Қайрат" академиясының жеткіншіктеріне минималды есеппен жол берді. Сонымен қатар команда сапындағы Мейрамбек Мейіржанов турнирдің "Ең үздік" қорғаушысы атанды.