Қызылордалық спортшылар әлем чемпионатынан 8 медаль иеленді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ташкент облысы Алмалық қаласында белбеу күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Əлем чемпионатында Сыр спортшылары облыс қоржынына 8 медаль салды.
Əлем чемпионатына Қызылорда облысынан 12 спортшы өнер көрсетіп, 8-і жүлдемен оралды. Жүлделі орынды иеленген спортшылар ҚР спорт шеберіне кандидат нормативін орындады.
Атап айтсақ, 95 келіде Дарын Балтабай (10 БЖСМ) күміс жүлдені иеленді. Алтынбек Өмірəлі (45 келі, 8 ОРМБЖМ), Назерке Əбілтаева мен Əйгерім Кеңесова (екеуі де 52 келі, 1 ОРМБЖМ), Мейіржан Қоқантаев (55 келі, 9 ОРМБЖМ), Аружан Думан (63 келі, 13 ОРМБЖМ), Жұлдыз Жұмахан (70 келі, 8 ОРМБЖМ) жəне Дамир Мұңайтпасов (77 келі, 1 ОРМБЖМ) қола жүлделерге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Абдусаттар Садықов, Аслан Нұрхожаев, Қайрат Жолмырзаев, Берік Қасымбеков, Гаухар Бекетаева, Өмірбек Калменов, Біржан Иманбаев, Алмат Әбілтаев дайындады.
Айта кетейік, жарысқа 15 елден 250-дей спортшы 17 салмақ дәрежесінде сынға түсті.