Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Алматы облысы Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден Қазақстан Ресубликасының 5-ші жазғы Спартакиадасы өтті.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-08/1565172927_7kogaldagy1.jpg)
Əйелдер командасы ел спартакиадасының жеңімпазы атанса, ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, жақында ғана Чонбури (Тайланд) қаласында индорхоккейден өткен Азия кубогында əйелдер 1-орынды, ерлер құрамасы 2-орынды еншілеген болатын.
Спортшылар енді 25-30 тамыз аралығында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей федерациясының 3-айналымына жəне 31 тамыз - 6 қыркүйек аралығында Талдықорғанда Орталық Азия кубогы жарыстарына қатысады.
"Қайсар" ойын түрлері бойынша спорт клубының спортшыларын жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.