Головкинмен жұдырықтасудан тағы бір мексикалық бас тартты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) тағы бір әлеуетті қарсыласынан айырылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
GGG өз жоспары бойынша қыркүйек айында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі керек болатын.
Ақпараттарға сенсек, Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) де келіссөздер жүргізген еді.
Алайда, бүгін мәлім болғандай Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен (29-2-2, 11 KO) жұдырықтасады. Варгас өзінің твиттерінде Мунгиямен өтетін келіссөздер туралы жиі жазып жүр.
Айта кетейік, DAZN Альварестің қарсыласы ретінде Головинді емес, украиналық Сергей Деревянченконы құп көрген болатын.