Қазалыда отбасылық жарыс өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында "Біз жемқорлыққа қарсымыз! Бар байлығым отбасым" атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті.
Сайысқа 8 отбасылық команда қатысып, 5 тур бойынша бақ сынасты. Жарыста ойын көрсететін командаларға төрелік ететін қазылар алқасы сайланып, төрелік жасады.
Нәтижесінде жүлделі І орынды Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау аға сержанты Оңталап Жалмахановтың отбасы жеңіп алса, ІІ орынды № 170 орта мектептен Рүстемовтер отбасы, ІІІ орынды "Балапан" балабақшасынан қатысқан Жүкеновтер отбасы жеңіп алды. Жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен отбасыларға түрлі номинациялар табысталды.
Эстафеталық жарысқа қатысып, жемқорлықты жою мен салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі жігерлері үшін барлық отбасыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.