ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Бүгін Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің ойын залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «Әкем, анам және мен – спорт сүйер отбасымыз!» атты эстафеталық сайыс өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген сайысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің түрлі ұлт өкілдерінен құралған 13 отбасы қатысты. Команда ойыншылары спорттық сайыстар және іс-қимыл ойындар арқылы сайысқа түсті. Аталмыш жарыс - отбасылық құндылықтарды сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуге бағытталды.
«Біздің Ассамблеяның тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы. Бұл бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылы. Отбасы бірлігі – Отан бірлігі, бірлігі мен тірлігі жарасқан отбасы – Егеменді еліміздің тірегі» -деп, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Эстафета қорытындысында Мақсұтовтар отбасы («Қажымұқан» СК) сайыс жеңімпазы атанды. Жүсіповтер отбасы (облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі) екінші орынды, Абзаловтар отбасы (№2ОМБЖОРМ) үшінші орынды иеленді. Жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған жанұялық командалар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.