Жағажайда волейболдан жарыс өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Сыр самалы» жағажайында кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері арасында жағажайдағы волейбол жарысы өтті.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау білдірген шараны «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Спорттық жарысқа 10 командадан құралған 30-дан аса спортшы қатысты. Шараның негізгі мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру.