«Қайсар» «Тобылды» 2-0 есебімен ұтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 20 турында қасқырлар «Тобылға» қонаққа барды. Ә дегеннен шабуылға ден қойған қонақтар алғаш болып есеп ашты. Бұл туралы «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрыштамадан көтерген допқа Куле Мбомбо бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Кездесудің 22 минутында Эмиль Балаев жоқ жерден қателікке бой алдырып, Мбомбоның гол соғуына мүмкіндік жасады. Ел біріншілігіндегі 7-інші добын соққан Куле сұрмергендер қатарынан орын алды.
Ойынның алғашқы жартысы бітер тұста Мақсат Байжановтың шірене тепкен добы қақпа бағанасынан кері серпілді. Кездесудің екінші бөлігінде алаң иелері есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен қасқырлар қорғанысы сыр бермеді.
Қорытынды есеп 0-2! Енді Стойчо шәкірттері 3 тамызда "Оқжетпесті" қабылдайды.