ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ
Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«2015 жылдың 21 қаңтарынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ елдегі және әлемдегі экономикалық дағдарысқа байланысты өзінің қайырымдылық және демеушілік қызметін тоқтататыны туралы хабарлайды», - деп жазылған ресми хабарламада.
Осыған байланысты федерацияның да жұмысы тоқтады, өйткені, бұл салаға қосымша қаржы қарастырылмаған. Сөйтіп, шахматтан Қазақстан біріншіліктері мен кубоктарын өткізу уақытша тоқтатылды, спортшылар халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына жіберілмейді. Шәкіртақы мен жалақы да берілмейді.