Санчес Головкиннің жаңа бапкеріне қатысты болжам жасады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес GGG-дің жаңа бапкерінің алдында үлкен міндет тұрғанын, себебі боксшының айтарлықтай кемел жасқа келіп қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Головкин мен Санчес 2019 жылдың көктемінде тоғыз жыл бірге жұмыс істеген соң серіктестікті тоқтатқан еді. 36 жастағы Джонатон Бэнкс Геннадийдің жаңа бапкері болды. Ол Владимир Кличкомен жұмыс істеген.
«Егер Джонатон Бэнкс оны өзгертуді қаласа, оған уақыт керек. Сауль Альвареспен үшінші айқасты кейінге шегеру өздеріне жақсы болады, себебі Джонатон өзінің айқас жүргізу әдісін жүзеге асыра алады. Бірақ, Головкинге 37 жасында өзгеру қиынға соғады», - деді Санчес Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.