Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар сайысқа түсті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда қалалық пробация қызметімен бірлесіп есепте тұрған азаматтар арасында спорттық сайыс өткізді.

Аталған спорттық шараға есепте тұрған барлығы 30-ға жуық сотталған азаматтар қатысып, олар өз бейімдеріне қарай футбол, шахмат, дойбы сынды ойын түрлерінен жарысып, бақ сынасты. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалануды, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен спорттық бәсеке тартысты өтті.
Сонымен қатар, ойыншылар арасынан үздіктер анықталып, олар «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарымен марапатталды