Қызылордалық спортшы әлем кубогында чемпион атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордалық спортшы Әсемгүл Ердәулет Хорватияның Умаг қаласында өткен каратэ-додан әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол 14-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында 47 келі салмақта сынға түсті. Қызылордалық спортшы аталмыш бәсекеде алты кездесу өткізді.
Алдымен ол Латвиядан келген қарсыласын сүріндірсе, одан италиялық, словакиялық, кипрлік спортшылардан басым түсті. Әсемгүл жартылай финалда румындық әріптесін қапы қалдырды. Ал финалда Иорданиядан келген спортшы оған қарсы тұра алған жоқ. Енді Әсемгүл әлем чемпионатына қатысады.
Дүбірлі дода биыл қазан айында Чилиде өткізіледі.