Сыр спортшысы халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. АҚШ-тың Индиана штатында парадзюдодан өткен лицензиялық халықаралық турнирде Сыр спортшысы күміс жүлдені иеленді.

«Биылғы жылдың мамыр айында Бакуде Гран-при жарысына қатысып, үшінші орынды еншіледім. Енді лицензиялық 4 жарыста бағымды сынаймын. Олимпиадаға жолдама алу үшін, ел намысын қорғауда бар күш-жігерімді саламын», - деді Олжас Оразалы.