«Қайсар» гандболшы қыздар командасы Азия біріншілігінде чемпион атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Гандболдан қыздар арасындағы командалық Азия біріншілігінде Қызылорданың «Қайсар» командасы чемпион атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетерлігі, биыл қызылордалық клуб гандболдан жазғы спартакиадада чемпион атанды. Сондай-ақ Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.
«Қайсар» енді клубтар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ол тамыз айының аяғында Қытайда өткізіледі.