«Қайсар» Қазақстан кубогы финалына шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Араға 12 жыл салып жартылай финалға жолдама алған "Қайсар" кеше "Тобылмен" ақтық сынның жолдамасын сарапқа салды.

Ойынның бірінші жартысында алаң иелерінің есепті еселейтін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда нысананы көздеуде сәттілік серік болмады. Екінші таймда футбол шытырманға айналды. 67 минутта Куле Мбомбо екінші голды салып, қасқырларды финалға жетелеген. Бірақ қуаныш көпке ұзамай 89 минутта Артурас Жулпа есепті қысқартып, финал тағдырын шешкендей көрінді. Дегенмен "Қайсар" тайлы тұяғымен шабуылға шығып, қонақтарды қыспаққа алды. Төрешінің қосымша уақытында Джаба Канкава айып алаңында қолмен ойнап, әріптестерінің еңбегін еш қылды. 11 метрлік айып соққысын мүлтіксіз орындаған Тигран Барсегян "Қайсарды" финалға алып шықты.
Осылайша қызылордалық клуб 20 жылдан кейін финалда ойнауға мүмкіндік алды. 22 қыркүйекте "Атыраумен" ақтық сында шеберлік байқасады!