Қызылордалық волейболшылар ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Павлодар қаласында волейболдан 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ҚР-ның жазғы чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-06/1560863658_18voleibol1.jpg)
Команда құрамында шиеліліктер Бекболат Ахметжан, Əсет Серікбайұлы, Саят Сейілханов, сырдариялықтар Арнұр Рүстемов пен Ержігіт Айбекұлы, жаңақорғандық Жандос Өтеген шебер ойын өрнегін көрсетті.
Енді қыздар құрамасы 22-29 маусым аралығында Петропавлда өтетін ҚР-ның жазғы чемпионатына қатысады.
Команданы жарысқа Өтепберген Əбдіраманов пен Айбек Сейпулов дайындады.