БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫ ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
31 қаңтар мен 1 ақпан күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді.
Жарысқа Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 9 командадан 100-ге жуық ардагерлер қатысып, үздіктері анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы топ жарды. Олар финалда «Қайсар» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 3:1 болды. Үшінші орынды байқоңырлық «ЦЭНКИ» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұрлан Әбуов (Ардагер), «Үздік қорғаушы» - Сәбит Қадыров (Байқоңыр қаласы), «Үздік шабуылшы» - Әлімхан Жүсіпбеков (Петро Қазақстан), «Үздік ойыншы» - Александр Морозов (Қайсар), «Мерген ойыншы» Алтынбек Оспанов (Ардагер), «Футболға деген жігері үшін» - Сәрсенбек Қиятбаев, «Үздік доп иегері» Василий Бойко (ЦЭНКИ), «Үздік техника көрсеткені үшін» Әкімжан Әбішов (Петро Қазақстан), «Ең бағалы ойыншы» Серік Жаппасбаев (Ардагер), «Үздік төреші» Кеңес Исаев және «Турнирдің ең жасы үлкен ойыншысы» - 60 жастағы «Ақбарыс» командасының ардагері Ережеп Серікбаев марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Турнир соңында жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларды облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев пен Байқоңыр қаласы футбол федерациясының президенті Гаги Сукиасян құттықтап, сөз сөйледі.