Стив Роллсты нокаутпен жеңген Головкин қанша табыс тапты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ESPN журналисі Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) 8 маусымда өткен канадалық боксшы Стив Роллспен (19-1, 10 КО) айқасы үшін қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
GGG 2 миллион ғана алуы тиіс еді, алайда қазақстандықтың жалпы табысы 15 млн долларды құрап отыр. Бұған қарамастан Роллс 300 мың доллар көлемінде қаржы алды.
Еске салайық, жекпе-жек Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтті. Онда Головкин төртінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.