Волейболдан жарыс өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Пробация қызметінің есебінде тұрған және өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың азаматтары арасында волейболдан жарыс өтті.
Оған 3 құрама команда қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының «Жеңіс» командасы, иеленсе, ІІ орынға өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық қызметкерлерінен құралған «Тасбөгет» командасы табан тіреді. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған жазасын өтеушілерден жасақталған «Пробация» командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.