Қызылордалық Ғалымжан Өміртай жамбы атудан Қазақстан чемпионы атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен ҚР-ның V чемпионатында жерлесіміз Ғалымжан Өміртай 1-орынды жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыста үздік нəтиже көрсеткен Ғалымжан 29 ұпай жинап, Қазақстан жеңімпазы атанды.
Ғ. Өміртай – Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы туылған. Жамбы ату спортымен айналысқанына 3 жыл. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. №7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде ұлттық ат спорты түрлері бөлімшесінің жаттықтырушысы.
Айта кетейік, Қызылордалық шабандоздар көкпар жəне аударыспақ жарыстарына қатысуда. Ел чемпионаты 26 мамыр күні аяқталады.