Таиландта ел намысын қорғаған 4 жеңіл атлеттің барлығы «алтын» алды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстандық жеңіл атлеттер «Thailand Open Track & Field 2019» халықаралық турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші «алтынды» ядро лақтырушы Иван Иванов иеленді. Ол қарсыластарын 18,95 метр көрсеткішімен жеңді. Екінші орында тайпейлік - Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында - малайзиялық Мұхаммад Золкефли (16.71).
Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Байрақты бәсеке 18-21 мамыр күндері аралығында өтті. Ашық чемпионатқа 17 мемлекет пен 4 кәсіби клуб қатысты.