ХОПКИНС ГОЛОВКИНМЕН ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Егер жартылай ауыр салмақта IBF/WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс (55-6-2, 32KO) 8 қараша күні WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалевке қарсы өтетін жекпе-жекте мықтылығын дәлелдеп, жеңіске жетсе, онда ол WBC чемпионы Адонис Стивенсонмен ең үлкен жекпе-жектердің бірін өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.
«Хопкинс мұндай ұрысты ұйымдастыру үшін салмақ тастауға дайын екенін мәлімдеді, тіпті төменгі салмақ дәрежесіндегі екі адамның есімін тұспалдап та жеткізді. Ол өзінің «төрт әріпті » (супер орташа салмақта WBA чемпионы Андре Уорд) немесе «үш әріпті есіммен» (160 фунттағы WBA/IBO чемпионы Геннадий Головкин «GGG») кездесуге дайын болғанын айтты», - делінген хабарламада.
«Мұның барлығы үздік ұсыныстар. Мүмкін бұл салмақ қуу болар, немесе өз салмағында болуы мүмкін. Кім біледі, бұл бәлкім 167 фунтта, не болмаса салмағы менікінен де жоғары біреумен өтетін жекпе-жекпе болуы мүмкін. Мүмкін төрт әріпті, немесе үш әріпті сөз шығар. Мен төрт әріпті сөзді аса қатты ұната бермеймін, алайда үш әріпті сөз жақсы естіледі. Алда не болатынын кім біледі», - деді Хопкинс.
«Головкин жақсы боксшы, алайда ұлы емес. Егер ол менімен шаршы алаңға шығатын болса, онда ол өзінің ұлы боксшы екенін дәлелдеуі тиіс», - деді кейінірек өз сөзінде Хопкинс.