ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНГЕН АҚСАҚАЛ
Қармақшылық дене шынықтыру спортын дамытуда сіңірген еңбегі үшін "Құрмет белгісі" ордені мен "Халық ағарту ісінің үздігі", "КСРО спорт шебері", "Ғасыр спорт тарланы", "Спорт ардагері" белгілерінің иегері Жарбосын Құндақбаевтың есімін жерлестері әркез мақтанышпен еске алып, оның әр ісін құптап отырады.
Ол өткен жылдың тамыз айында Белоруссияның Витебск қаласында гір көтеруден өткен дүниежүзілік ІІ олимпиадаға барып қайтты. Тек олимпиада ғана емес, Ресей мен Белоруссия мемлекеттерінің ұйымдастыруымен Ломоносов пен Ушаков атындағы халықаралық турнир, Витебск облысы губернаторының кубогы үшін сайыс өтті. Осы сапарында Жарбосын Құндақбаев барлығы 7 медаль олжалап қайтты. Оның бесеуі олимпиаданың алтыны болатын. Осы жолы 75-90 жас аралығындағы қарттар арасында салмағы 10 келі тартатын гір тасын 2 минут ішінде 70-80 рет серпи көтеру бәсекесінде оның алдына ешкім түсе алмады.
Жарбосын Құндақбаев Ресей мен Беларусь қалаларында қарт спортшылар арасында гір көтеруден өткен әлемдік додаларда бірнеше рет әлем чемпионы атанғаным үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.