ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ
Арал қаласындағы Орталық стадионда қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай үстел теннисінен ерлер арасында аудан біріншілігі өтті, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудандық дене шынықтыру және спорт, №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі ұйымдастырған спорт шарасына барлығы 16 үміткер жарыс жолына шығып, өзара айналмалы түрде жекелей есеп бойынша сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде І-орынды №71 мектеп-интернатының мұғалімі Р.Нұрғазиев, ІІ-орынды Арал қаласының тұрғыны Ғ.Әмреев, ІІІ-орынды №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің жаттықтырушысы Б.Жүсіпов жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хатарымен марапатталды.