Тартысқа толы турнир

Тартысқа толы турнирдің ақтық мәресінде №266 мектеп-лицей командасы мен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде 9-4 есебімен Е.Бозғұлов атындағы білім ошағының ұстаздары бірінші орынды қанжығалады. Жарыстың күміс жүлдесін №266 мектеп-лицей иеленсе, үшінші орынды Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп командасы місе тұтты.
Сонымен қатар турнирдің «Үздік ойыншысы» болып №249 мектеп-лицей мұғалімі Ерлан Құрманов танылса, «Үздік қақпашы» бағамын Әнуар Шыңдаулетов иеленді. Азамат Бекжанов «Үздік қорғаушы», Азамат Төке «Үздік шабуылшы», Мұқағали Сансызбаев «Үздік сұрмерген» деп танылды.
Екі күнге созылған турнирдің жабылу салтанатында №249 мектеп-лицей директоры Күлзипа Нақан, Абдолла Сапардың інісі Әбдіманат Сапар, «KUAN-AI KZ» ЖШС-нің директоры Қуанышбек Пірмантаев жарыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

