ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Павлодар қаласында грек-рим қүресінен ҚР-на белгілі жаттықтырушылар Иван және Сергей Ярмоленколардың 18-ші мемориалы болып өтті. Бұл халықаралық турнирге ҚР-ның барлық облыстары мен Тәжікстан, Өзбекстан және көршілес Ресейдің Омск, Новосибирск, Барнаул қалаларынан 332 жас палуандар қатысты.
Турнирге қатысқан Қызылорда облысы командасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арал қаласының №19 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Талғат Қожекеновтің шәкірттері Нұржан Қарабеков 42кг салмақ дәрежесі бойынша 44 палуанның ішінде күміс, Берекет Ақбалаев 59кг салмақ дәрежесі бойынша 33 палуанның ішінде күміс және Нұрсейіт Мырзағазиев 53 кг салмақ дәрежесі бойынша 42 палуанның ішінде қола медаль иеленді.
Қазіргі таңда палуандар Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатының жаттықтырушылары Валерий Шамин мен Фанис Давлетовтың қарамағында жаттығуда.