БЕЛГІЛІ ҚАРЖЫГЕРДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ
23-24 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қаржы басқармасының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген экономисі, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 10 топ, 100-ден аса қызметкерлер қатысып, үздіктер анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының командасы финалда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті командасынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал Қармақшы ауданының қаржыгерлер құрама командасы үшінші орынды иеленсе, облыстық қазынашылық департаментінің командасы төртінші орынды қанағат тұтты. К.Шөкеновтер отбасынан бірінші орынға 200 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды.
Турнир қорытындысында «Үздік қақпашы» номинациясын Жарас Смайлов (облыстық қазынашылық департаменті), «Үздік қорғаушы» - Мадияр Байшылықов (Қармақшы ауданы), «Үздік шабуылшы» - Мақсат Әбдікамалов (облыстық мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік ойыншы» - Әділбек Жақанов («Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы) лайық деп танылып, марапатталды.
Жарыстың жабылу салтанатына Камал Шөкеновтың ұлы Бауыржан Шөкенов, шәкірті, Парламент мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов, әріптесі, Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасын басқарған Айтмұханбет Құрманғалиев және Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Өмірзақ Елеусіновтер қатысып, жүлдегерлерді марапаттады. Ал турнирдің соңында Камал Шөкеновтың ұлы, қазақ эстрада жұлдызы Батырхан Шөкенов концерт берді.