ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖАТТЫҒУҒА КІРІСТІ
Қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортқа оралып, жаттығуларын бастады. Бұл қуанышты жаңалығымен зілтемірші Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
Өзге спортшылармен бірге түскен фотосының төменгі жағына спортшы былай деп жазған: «Командаммен жаттығуға кірістім».
Айта кету керек, спортшының парақшасына 124 мың адам жазылған. Екі сағаттың ішінде Ильяның жаңа суретіне 5 мыңнан аса адам «лайк» басып үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қарашада өткен Әлем чемпионатында Илья Ильин серпе көтеруде 242 кг бағындырып, әлем рекордын жаңартқан болатын, сондай-ақ әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды.