«Қайсар» «Астанамен» тең ойнады
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Кеше Қызылорданың «Қайсары» елордалық «Астананы» қабылдады. Қызылордалық клуб 2015 жылдың 25 сәуірінен бері аталмыш қарсыласын жеңе алмай келеді. Содан бері тоғыз ойын өтті. «Қайсар» азулы қарсыласының осал тұсын таппақ дал. Алаң иелері бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге жақын болды. Десе де, олар өз мақсатына жете алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Тағы бір өткен кездесуде де есеп ашылған жоқ. Өз қаласындағы алаңның дайын болмауы себепті қарсыластарын елордадағы «Астана-Арена» стадионында қабылдап жүрген «Атырау», бұл жолы Қарағандының «Шахтерімен» шеберлік байқасты. Екі команда бір-біріне гол соға алмады.
Бесінші тур ойындары 14 сәуір күнге жоспарланған. Онда «Шахтер» мен «Ертіс», «Тараз» бен «Қайсар», «Оқжетпес» пен «Тобыл», «Жетісу» мен «Қайрат», «Астана» мен «Ордабасы», «Ақтөбе» мен «Атырау» кездеседі.