Сингапурда өткен жарыста қызылордалық гимнастшылар қола жүлде алды
Сингапурда топтық эстетикалық гимнастикадан төрт құрлық жарысы жəне Сингапур кубогы өтті. Бұл жарыстарда Сыр гимнастшылары жақсы өнер көрсетіп, қола жүлделерге қол жеткізді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Төрт құрлық жарысында 12-14 жас аралығында сынға түскен жерлестерімізАқбота Өтеген, Раушан Аспандиярова, Əсел Марат, Динара Ерғалиева, Нұрай Нұрқожа, Аянат Ерланкызы жəне Ақерке Шілдебаева үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, 8-10 жəне 12-14 жас (екі жас ерекшелігінде) аралығында шеберлік байқасқан қыздарымыз Аиша Сұлтан, Медина Ибрагим, Зере Абдықабыл, Кəусар Сейлбек, Айна Ақпанбет, Айнара Ерболат, Ақерке Елеусінова жəне Мерей Əбдікəрім Сингапур кубогының қола жүлделерін еншіледі.
Жарысқа сегіз елдің гимнастшылары қатысты.
1ОРМБЖМ-де тəлім алатын гимнастшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан жəне хореограф Гүлзат Расул дайындады.