Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өткен әлем чемпионатында Денис Теннің құрметіне өнер көрсетті
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өткен әлем чемпионатында Денис Теннің құрметіне өнер көрсетті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өткен чемпионатта күміс медаль жүлдегері атанды. Ол мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет төрттік сальхов элементін орындап, сенсация жасады.