Зидан «Реалға» қайта оралды
Мадридтік «Реал» француз маманы Зинедин Зиданның «Реалға» қайтадан бас бапкер болып оралғаны туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір «Реал» Испания чемпионатының 27 турынан кейін 51 ұпай жинап, үшінші орында келе жатыр.
Мадридтік клубтың басшылығы соңғы сәтке дейін португалиялық маман Жозе Моуриньо мен Зиданды кандидат ретінде қарастырған. Ақырында Зиданның кандидатурасына тоқтаған.