"Қайсар" "Атырауды" қабылдады
Қызылордада футбол маусымы басталды. Сырдың бас командасы маусымашар ойында "Атырауды" қабылдады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Кездесу басталысымен екі ұжым да шабуылға бет алды. Ойынның 2- минутында қонақтар оң қапталдан ұтымды шабуыл ұйымдастырды. Айып алаңына бағыттаған допты Дәурен Мажитов сәтті орындап, есепті ашты.
Мұнан кейін, қасқырлар тайлы тұяғымен шабуылға шығып, есепті теңестіруге бет алды. 20 минутта Тигран Барсегянның қақпаға шірене тепкен добы маңдайшадан кері серпілді. Артынша Асxат Тағыберген де алыстан қақпаны нысанаға алған. Дегенмен доп қақпа бағанасына тиіп, есеп өзгеріссіз қалды. Кездесудің екінші жартысында қасқырлар түбегейлі ойынды қолдарына алды. Стойчо шәкірттері "Атырау" қақпасын қанша торуылдаса да есеп өзгеріссіз қалды. Қорытынды есеп 0-1.
"Қайсар" - "Атырау" 0-1
Гол: Мажитов 2
Ескертулер: Джошуа(6), Пуношевац (42), Морочкин(90) - "Қайсар": Шабаев(19), Қалмұратов (58), Ткачук (82) -"Атырау"
Алаңнан қуылған:Сергиенко (90+2) -"Атырау"
"Қайсар": Исламқұлов, Граф, Ламанж, Барсегян, Пуношевац (Зенькович), Джошуа, Әмірсейітов, Байжанов (Хайруллин), Морочкин, Нәрзілдаев,(Оливейра), Тағыберген
"Атырау": Логиновский, Загинайлов (Радионов), Жунич, Аблитаров, Кубик, Бьедов (Кайраллиев), Филипович, Мажитов (Ткачук), Шабаев, Қалмұратов, Сергиенко