ШАХМАТТАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Қызылорда қаласында қаңтардың 14-18 аралығында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан 6 команданың құрамында 40 қа жуық ойыншы бақ сынады.
Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турға созылды. Осы жарыстан 1,2 орынды иеленген жеңімпаз бен жүлдегерлер үстіміздегі жылдың 19-28 ақпан аралығында Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Жарыс қорытындысы бойынша қызылордалықтардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 6,5 ұпаймен Юра Егай облыс жеңімпазы атанды. Дәл осындай ұпаймен екінші орынды Роман Смолоногов иеленді. Ұпай саны бірдей болғанымен Юрий коэффиценті бойынша алға шықты. 5 ұпаймен Қадыр Жамаладин қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Шахматшылардың ең жасы сегізде болса, үлкені 75 жастағы қызылордалық Еркін Бекенов ақсақал.