Қызылордалық каратэші Еуропадағы турнирде күміс жүлдені еншіледі
Қызылордалық спортшы Қонысбек Әлішершәріп Словакия астанасы - Братислава қаласында каратэ-до спортынан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін аталмыш турнирде қызылордалық Әсемгүл Ердәулет 14-15 жастағылар арасында 47 келіде алтыннан алқа таққан болатын.
Қызылордалық спортшыларды жарысқа жеке бапкерлері Рүстем Қараев пен Нұрбол Тойшыбаев дайындады. Сондай-ақ, олардың осындай зор табысқа жетуіне Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушылары Шаттық Қажымұқан мен Асқар Молдағалидің еңбегі ерекше.
Айта кетейік, халықаралық турнирде толайым табысқа кенелген спортшыларды алда үлкен жарыстар күтіп тұр. Биыл каратэ-до спортынан Азия чемпионаты өтеді.