«Қайсар» түрікмен командасынан басым түсті
Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында соңғы кездесуін өткізді. Бұл жолы Түрікменстанның «Алтын асыр» командасымен кездесті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

«Қайсар» жігіттері бүгін өте сенімді ойнады. Қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттің бірінде «Қайсардың» португалдық жартылай қорғаушысы Карлос Мигель (Карлитос) мергендік көрсетті. Команда құрамына биыл қосылған Марат Хайруллин де бүгінгі кездесуден құр кетпей, қарсыластар қақпасын дәл көздей білді. Бұдан кейін Братислав Пуношевац қанжығасын майласа, соңғы голды Марк Гурман соқты. Осылайша «Қайсар» «Алтын асыр» командасын 4:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Түркиядан оқу-жаттығу жиынын өткізген «Қайсар» енді елге қайтады. Қызылорда қаласындағы алғашқы дайындығын 27 ақпанда бастайды деп жоспарланып отыр.