СПОРТ АРДАГЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңақорған ауданы спортының мақтанышы, зейнеткер Мұсаев Тұрсынхан спорт саласындағы сіңірген ерен еңбектері үшін бірқатар медальдармен марапатталды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиынға облыс орталығынан сала басшылары келді. Бірінші кезекте облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев «Қазақстан футболының 100 жылдығы» төсбелгісін Т.Мұсаев ағамыздың кеудесіне тақты, - деп хабарлады аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Басқармаға 60 жыл» атты медальді Т.Мұсаевқа басқарманың бөлім басшысы Ж.Оспанов табыстады.
Мерейлі марапаттар қатарын аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Ыдырысов салауатты өмір салтын серік еткен, теңбіл доптың төресі Тұрсынхан ағамыздың иығына шапан жауып, құттықтау лебізін жеткізді.
Айта кетейік, Тұрсынхан Мұсаев өмірінің жиырма жылға жуық уақытын аяқдоп саласын өрістетуге арнап, жас жеткіншектерді спортқа баулыған. Футболға деген құштарлығының арқасында бас бапкерлік жолында біршама шәкірттер дайындаған.
Бүгінде ағамыздың шәкірттері А.Әлайдаров «Қайсар» футбол клубының бас қақпашысы, 2 шәкірті «Қайсар» жастар футбол клубының ойыншылары. Өзінің ұлы Жомарт Мұсаевта Қазақстан студенттік құрама командасының капитан командасы болып, бірқатар Еуропа мемлекеттерінде еліміздің намысын қорғаған.