ЖАЙДАРМАНШЫЛАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қызық Орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қоры 2006 жылғы Республикалық «Үздік ойыншы» номинациясының иегері, жайдарманшы Балтабай Рүстемді еске алуға арналған «Жарқ еткен жас ғұмыр» атты кіші футболдан турнир өтті.
Турнирге барлығы 10 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Оның ішінде Рүстемнің сыныптас достары, інілер командасы, қаламыздағы «Ассорти» би ұжымы және өңіріміздің жайдарман сахнасында үздік ойын өрнегін көрсетіп жүрген командалар қатысты. Турнир қортындысы бойынша І-ші орын «Ассорти» би ұжымына бұйырды. ІІ-ші орында Қармақшы құрамасы, ІІІ-ші орынды Тереңөзек құрамасы иеленді.