ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
Үстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан "Mentor Nestle Torun Cup" халықаралық турнирі өтуде. Аталмыш турнир жыл сайын ISU (халықаралық коньки тебушілер одағы) кестесіне енетін жарыстардың бірі. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынауда. Жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Қазакстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет бұл жеңісін Қазақстандық балаларға арнап, Отандастарын Жаңа жылмен құттықтады.