«СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2015» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Қаңтар айының 5 жұлдызынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Сергектік және денсаулық-2015» спартакиадасы басталды. Бұл туралы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, спорттық додалар бойынша облыстық жарыстарға университеттің құрама командаларын жасақтау мақсатында өтетін дәстүрлі спартакиадада оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер спорттың 9 түрінен бақ сынамақ.
Жарысқа Гуманитарлық-педагогикалық, Тарих, құқық және экономика, Жаратылыстану және аграрлық-технологиялар, Политехникалық факультеттер мен Ректорат, университет құрылымдары командалары қатысуда. Сайыстың алғашқы күнінде командалар баскетболдан сынға түсіп, нәтижесінде Политехникалық факультет, Ректорат, Тарих, құқық және экономика факультетінің командалары үздік үштіктен көрінді. Алдағы уақытта спортшыларымызға сәттілік тілейміз.