ЖЕҢІМПАЗДАР – КЕДЕНШІЛЕР
Қызылордада мини-футболдан өткен құқыққорғау органдары мен арнайы күш құрылымдарының республикалық турнирінде кеденшілер командасы жеңімпаз болды.
Жаурда жалауын көтерген бұл жарыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 22 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған болатын. ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Кедендік бақылау комитеті, ҚР Қаржы полициясы, ҚР ІІМ Қылмыстық-түзеу жүйесі комитеті, ҚР Ұланы, ҚР Президентінің Күзет қызметі сияқты құрылымдардың республиканың түкпір-түкпірінен күштілерін жинаған құрама командалар үш күн Қызылордада доп додасын өткізді. Облыстық Ішкі істер департаментінің «Динамо» спорт кешенінде командалар, алдымен, екі топқа бөлініп ойнады. Әр топтың бірінші және екінші нәтиже көрсеткен командалары қарсы ойын өткізіп, финалистерді анықтады. Ақтық сайыс ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің командалары арасында қызықты әрі тартысты өтті. Негізгі ойынды 1-1 есебімен аяқтап, полиция және кеден қызметкерлері қосымша уақытта да бір-бірден доп соғып, тепе-теңдікті сақтады. Пинальтилер сериясынан соң, кеденшілер алға шықты. Турнир иелері екінші, ал ҚР ІІМ Қылмыстық-түзеу жүйесі комитеті үшінші орынды қанағат тұтты.
Республиканың құқыққорғау органдары мен арнайы күш құрылымдарының аяқ доп шеберлері құқыққорғау органына жатқызылмай, Қаржы министрлігінің құрылымы болып саналатын кеденшілерге жол берді.
Қызылордалық кеденшілердің намысын қорғаған Мақсат Әбдікамалов әдемі ойын көрсетті, бес доптың авторы атанды. Турнирдің «Үздік ойыншысы» атағын маңғыстаулық кеденші Елдос Құрал жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен Үздіктер ҚР ІІМ тағайындаған арнайы медальдерге ие болып, бағалы сыйлықтар алып тарасты.
Б.ОРДАНОВА
баспасөз қызметінің бас маманы