Қызылордалық тоғызқұмалақшылар І орынды иеленді
Жамбыл облысында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан аймақтық ашық турнир болып өтті. Бұл турнирде Қызылорда облысының құрама командасы жеңіске жетті.
Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 27-28 қарашада «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен жарыста Қызылорда, Жамбыл облыстары және Тараз қаласынан 100-ге жуық спортшы сынға түскен.Жарыстың қорытындысы бойынша қызылордалық тоғызқұмалақшылар І орынды иеленді. Жамбыл облысының Қордай ауданы командасы ІІ орынды, Меркенің тоғызқұмалақшылар ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.




















