Мөрәлі Шәменовті еске алу турнирі өтті

Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, Мөрәлі Шәменовтің баласы Атамұрат Шәменов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл бәсекеге Астана, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 17 команда қатысты. Дүбірлі додада 300-ден аса татами шебері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер спортшыларға ҚР спорт шеберіне үміткер атағы берілді. Сондай-ақ, бұл сайыста Қазақстан чемпионаттарында облыс намысын қорғайтын спортшылар іріктелінді.