Қызылордалық мергендер ел чемпионатынан 7 жүлдені иеленді
Қызылордалық мергендер ел чемпионатынан 7 жүлде олжалады.
Айта кетейік, стенд атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өтті. Онда Сыр өңірінің спортшылары 2 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды. Жекелей есепте дубль-трап бағдарламасы бойынша Максим Коломоец пен Айжан Досмағамбетова бірінші орынды еншіледі. Осылайша, Максим – жетінші мәрте, Айжан үшінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.
Микс-трап түрі бойынша Екатерина Ким, дубль-траптан Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова, командалық траптан Владимир Иванов пен Игорь Сигитов ел чемпионатының қола жүлделеріне ие болды.
Еске сала кетейік, жақында ғана Кувейт қаласында өткен Азия чемпионатында дубль-траптан Қазақстан командасы құрамында өнер көрсеткен Максим Коломоец қола жүлдеге қол жеткізсе, Айжан Досмағамбетова траптан команда құрамында күміс жүлдені еншілеген болатын.